Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1192 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі»;
реттік нөмірлері 4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 4 | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі | Алматы қаласы |
| 5 | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі | Алматы қаласы |
»;
реттік нөмірлері 24 және 25-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«