ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2025.14.07. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. Тоқаев |
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 17 шілде
№ 286
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 17 шілдедегі
№ 286 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылы уәкілетті орган мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бірлескен құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.».
2. ҚР Президентінің 2025.14.07. № 944 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
қосымшада:
реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«