«Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 451 бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11475 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2016 жылғы 16 шілдеде № 135 (28863) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қалдықтарды республикалық меншікке беру үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады, оның құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомстволық органның және ведомстволық бағынысты ұйымының (бұдан әрі - ұйым) өкілдері кіреді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтарымен толықтырылсын:
«6-1. Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған радиоактивті қалдықтарға оларды есепке алу, бағалау, әрі қарай пайдалану және сату бойынша осы Қағидалардың нормалары қолданылмайды. Радиоактивті қалдықтар көмілуге жатады.