Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық тіркеу жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 702 Қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 4 октября 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2021
Дата последнего измененияпонедельник, 4 октября 2021

Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық тіркеу жүргізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 702 Қаулысы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысымен бекітілген Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесінің 3-тармағы 1-бөлігінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«3. Босқын мәртебесін беру туралы шешімді уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияның ұсынуы бойынша босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды.».

2. «Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысының мынадай ережелерінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгісінде:

«2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қорғауға қойылатын талаптар» деген бөлімде:

1-тармақтың екінші бөлігі, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасының азаматы паспортының иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат сақталады.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің үлгісінде:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом