Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 211 Қаулысы
(2025.16.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 110 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2023.29.06. № 42 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2021.21.06. № 60 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 42 Қаулысымен (2023 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен жасалған «кері репо» және репо операциялары туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес меншікті активтердің құрамында есепке алынатын салымдар мен ақша туралы есептің нысаны;