«Екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 және «Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 2 наурыздағы № 23 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 79 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 100 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Екiншi деңгейдегi банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшаларында көзделген есептілікті - есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 21) және 22) тармақшаларында көзделген есептілікті - есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) апта сайын осы қаулының 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген есептілікті - есепті аптадан кейінгі аптаның бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.