Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 249 Қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 1 апреля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 1 апреля 2024
Дата последнего измененияпонедельник, 1 апреля 2024

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 249 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелері қайта ұйымдастырылсын.

2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

«1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген бөлім:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 57-10 және 57-11-жолдармен толықтырылсын:

«57-10. Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті Мақаншы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.

57-11. Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті Жаңасемей ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 74-1-жолмен толықтырылсын:

«74-1. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті Алатау қаласының төтенше жағдайлар бөлімі.»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 127-1 және 127-2-жолдармен толықтырылсын:

«127-1. Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті Үлкен Нарын ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.

127-2. Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті Марқакөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.».

3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 1 сәуірдегі

№ 249 қаулысына

қосымша

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом