Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 103 Қаулысы
(2023.25.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 9 ақпандағы
№ 103 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесінде:
«637 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«637 Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аппараты»;
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесінде:
«32 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«32 Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аппараты».
2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысында: