«жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган», »жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті орган», »жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органның», »жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органмен», »жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздер тиісінше »жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның», »жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен», »жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган», »жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның», »жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен», »жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылды;
«Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органы», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына» деген сөздер тиісінше «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға» 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара);
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға» «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», « уәкілетті органның», « уәкілетті органға» « уәкілетті органда» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара);
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жануарлар мен өсімдіктер» деген сөздер «өсімдіктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ағын су - ойпаңды жер бетінде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі;
2) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) ауызсу - сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауызсу және шаруашылық-ауызсу мұқтаждарына арналған табиғи күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі су;
3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері - су тұтынушылар үшін ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкін емес және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көздері;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау (бұдан әрі - ауызсумен жабдықтау) - ауызсуды алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы - сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін иеленушілер арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу орны, бұл схемаларда көрсетіледі;
4) басқарудың бассейндік принципі - өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің бассейндері шегінде су ресурстарын әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында бөлу кезінде іске асырылатын су қорын гидрографиялық белгілер бойынша басқару;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) бөгет - судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуiш гидротехникалық құрылыс;
4-2) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау - заңды тұлғаның бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындауға құқықтылығын уәкілетті органның ресми тануы;
5) гидромелиорациялық жүйе - жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені;
6) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар - ортақ үлестік меншік құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнің құрамына кіретін бір гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерімен суарылатын жеке меншік немесе уақытша өтеулі пайдалану құқығында жер учаскесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
6-1) гидромелиорациялық іс-шаралар - гидромелиорациялық жүйелер, сондай-ақ жеке орналасқан гидротехникалық құрылыстар көмегімен топырақтың су режимін реттеу;
7) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйесі - су тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз етуге арналған су тарту құрылыстарын, су құбырын тазартқыш құрылыстарды, таза су резервуарларын, су құбырының сорғы стансалары мен желілерін біріктіретін, өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені;
8) жағалау белдеуі - экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған су объектілері жағалауының бойындағы жағалау жиегінен ені жиырма метр құрлық белдеуі;
9) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;
10) жер асты суларының бассейні - жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы;
11) жер асты суларының көздері мен учаскелері - шегінде жер асты суларын шығару мен алу үшін қолайлы жағдайлары бар су тұтқыш жиектердің бөліктері;
12) жер асты шаруашылық-ауыз сулары - өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және шаруашылық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жерасты сулары;
13) жер үсті су объектілері - шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-1) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы - су бұру жүйесіне ағызылатын, су тұтынушының сарқынды суларында болатын зиянды заттардың жол берілетін шамасы;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды
13-2) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
14) қайтарымды сулар - суармалы аумақтардан ағатын жер асты және жер үсті сулары немесе өнеркәсіп орындары, тұрмыстық сумен жабдықтау құрылғылары және коммуналдық кәсіпорындар ағызатын сулар;
15) құбырлы сүзгіш құдық - су тұтқыш тау-кен жынысына оларды сорғыту мақсатымен бекітілетін бірқатар тесіктері бар құбыр кесіндісі;