Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 456 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 139-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 215 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 17 маусымдағы
№ 456 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен
қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну
қағидалары
1. Осы Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 139-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сыртқы қарыздар мен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.