Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 252 Қаулысы
(2026.02.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025.12.12. № 78 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 244 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5991 тіркелген);