ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасның Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 20 сәуір
№ 876
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 20 сәуірдегі
№ 876 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1997 жылғы 13 тамыздағы
№ 3614 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер