«Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 526-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 4 | Мұнай өнімдері | битум | мұнай битумы | 2713 20 000 0 | | Ағымдағы өндірістік жылдың ішкі нарығына жеткізуге жоспарланған битумның жалпы жылдық көлемінің 10%-ы. Өзіне меншік құқығымен тиесілі көмірсутек шикізатынан өндірілген битумды өндіруші, битумның меншік иесі. |
| автомобиль бензині*** | автомобиль бензині октандық саны 92 немесе одан да көп, бірақ 95-тен кем | 2710 12 413 0 | | |
| автомобиль бензині*** | автомобиль бензині октандық саны 95 немесе одан да көп, бірақ 98-тен кем | 2710 12 450 0 | | |