Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығы
(2023.17.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023.30.01. № 31 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарт;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім.
2. Экономика және қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі | А. Сәрінжіпов |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 63 бұйрығына
1-қосымша
Білім беру жинақтау салымы туралы
үлгілік шарт
| Астана қаласы | «___» _____________________ 20___ ж. |