ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы Жарлық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2, 4, 8, 12, 13, 17 және 21-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 26 тамыз
№ 975
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 26 тамыздағы
№ 975 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:
15-тармақта:
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) бюджеттік сұранымға есеп-қисаптарды дайындау қағидаларын және Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішінде оны келісу мерзімдерін әзірлеу және бекіту;»;
327) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«327) қызмет бабында пайдалану үшін;».
2-тармақ 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
«
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, соның ішінде оның аумақтық органдары | 562 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, соның ішінде оның аумақтық органдары | 848 |
»;
«