Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабының 1-тармағын және 26-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 41-НҚ нормативтік қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 19 апреля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 19 апреля 2024
Дата последнего измененияпятница, 19 апреля 2024

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабының 1-тармағын және 26-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 41-НҚ нормативтік қаулысы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ә. Оңғарбаев, Р.А. Подопригора, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,

өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы М.Б. Абишевтің,

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі - вице-министр Д.М. Ваисовтың,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі - Сот әкімшілігі басшысының орынбасары А.С. Мусралиновтың,

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілі - Заң департаменті директорының орынбасары А.Е. Абишеваның,

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі - Үйлестіру департаменті директорының орынбасары Н.С. Саховтың,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімінің сектор меңгерушісі Г.А. Ауғанбаеваның,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.А. Сартаеваның,

Республикалық нотариаттық палатаның өкілі - палата төрағасы А.Б. Жанабилованың,

Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушылары республикалық палатасының өкілі - төраға орынбасары Г.А. Смагуловтың,

Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілі - директор орынбасары Р.М. Джангарашевтың қатысуымен,

өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабының 1-тармағын және 26-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом