ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы
(2022.10.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
4) біліктілік сыныптары белгіленетін Агенттік лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті біліктілік сыныптарының тізбесі («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар) бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ.ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 20 ақпан
№ 515
ҚР Президентінің 2022.10.09. № 1006 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 20 ақпандағы
№ 515 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттік өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес.
2. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесі бар.