Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 404 бұйрығы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 14) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Сапаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және
интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»