«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 621-НҚ бұйрығы
«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32813 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесінде:
реттік нөмірлері 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 8. | 8. | Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері жөніндегі сандық деректер (сыртқы талдау объектісі; сыртқы талдау жүргізу кезеңі; анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар; ұсынымдардың орындалуы жөніндегі ақпарат) | қажеттілігіне қарай | өзгертілген күннен кейін он жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО | МҚІА |
»;
реттік нөмірлері 9-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«