«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 862 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
21-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21-1) аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар болған кезде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
50) тармақша алып тасталсын;
52) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды;»;
мынадай мазмұндағы 95-1) және 95-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«95-1) жемдік қорды басқару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
95-2) астық нарығы жөніндегі операторға жемдік қорды сақтау шығыстарын өтейді;»;
508-35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«508-35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
508-36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«508-36) балық ресурстарының және басқа су жануарларының санын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
508-43) тармақша алып тасталсын;
508-47) және 508-48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«508-47) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;