ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру және «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылсын.
2. «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық органдарының – мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;