Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1227 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында:
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердің тиесілілік табелі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
| Жедел | Статистикалық зерттеулерді аумақтық деңгейде жедел жүзеге асыру үшін | Ақмола облысының Статистика департаменті | 18 |
| Ақтөбе облысының Статистика департаменті | 12 |
| Алматы облысының Статистика департаменті | 19 |
| Атырау облысының Статистика департаменті | 7 |
| Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті | 18 |
| Жамбыл облысының Статистика департаменті | 10 |
| Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті | 12 |
| Қарағанды облысының Статистика департаменті | 16 |
| Қостанай облысының Статистика департаменті | 19 |
| Қызылорда облысының Статистика департаменті | 7 |
| Маңғыстау облысының Статистика департаменті | 6 |
| Павлодар облысының Статистика департаменті | 12 |