Введите номер документа
Прайс-лист

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 18 Қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 16 января 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 18 января 2023
Дата последнего измененияпонедельник, 16 января 2023

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 18 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ұйымдар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай олардың ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) аптасына белгіленген оқу жүктемесін негізге ала отырып айқындалады.

Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттік жоғары оқу орындары мамандарының және қызметшілерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом