«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 136-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған, қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 20 тамыздағы
№ 136-ө өкімімен бекітілген
Қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің
тізбесі