«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша инвестордың қарсы міндеттемелерін белгілеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 15 қазандағы № 107 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 281-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша инвестордың қарсы міндеттемелерін белгілеу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы | А. Амрин |
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 107 бұйрығымен
бекітілген
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша
инвестордың қарсы міндеттемелерін белгілеу
қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер