Введите номер документа
Прайс-лист

«Шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 28 октября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2026
Дата последнего изменениявторник, 28 октября 2025

Шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 207-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шот-фактураны жазып беру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шот-фактура нысаны бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2025 жылғы 28 қазандағы

№ 629 бұйрыққа 1-қосымша

 

 

Шот-фактураны жазып беру

 қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Шот-фактураны жазып беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 207-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және салық төлеушілердің шот-фактураны жазып беру тәртібін айқындайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом