«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 261 Қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ақша қалдықтары туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес орналастырылған салымдар туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «кері РЕПО», «РЕПО» операциялары туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес дебиторлық берешек туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес кредиторлық берешек туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес акционерлер туралы мәліметтердің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес инвестициялық қызметтен түскен кірістер туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есептің нысаны;