Введите номер документа
Прайс-лист

«Жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 154 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 7 апреля 2017
Статус
Действующийвведен в действие с 7 апреля 2017
Дата последнего измененияпятница, 7 апреля 2017

Жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 154 бұйрығы

 

«Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Ауыл шаруашылығы

министрінің міндетін атқарушы

 

 

Қ. Айтуғанов

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

міндетін атқарушының

2017 жылғы 7 сәуірдегі

№ 154 бұйрығына

қосымша

 

 

Жайылымдарды суландыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

Іс-шаралар атауы

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

1.

Құдықтар (ұңғымалар) салу жөніндегі индикативтік жоспарды облыстың аудандарына жеткізу

2017 жылғы сәуір

ҚР АШМ-ға ақпарат

облыс әкімдіктері (келісім бойынша)

2.

Құдықтар (ұңғымалар) салу жөніндегі индикативтік жоспарлардың орындалуы бойынша ай сайын есеп жүргізу

есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне ай сайын

ҚР АШМ-ға ақпарат

облыс әкімдіктері (келісім бойынша)

3.

Жайылымды суландыру инфрақұрылымы үшін техника мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

тұрақты негізде

облыс әкіміне ақпарат

облыс әкімдіктері (келісім бойынша)

4.

Құдықтарды (ұңғымаларды) бұрғылау жөніндегі қызметті көрсететін кәсіпорындардың тізімін облыс әкімдігінің интернет ресурсына орналастыру

2017 жылғы сәуір

облыс әкімдігінің сайтында ақпарат

облыс әкімдіктері (келісім бойынша)

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом