Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222 Қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға берілген микрокредиттер бойынша активтерді сыныптау туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді сыныптау туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған ағымдағы шоттар мен салымдардың талдамасы туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес микрокредиттер, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы, сондай-ақ резервтердің (провизиялардың) мөлшері туралы есептің нысаны;