Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 392-VI Конституциялық Заңы

Информация о документе
Датасреда, 30 декабря 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 11 января 2021
Дата последнего изменениясреда, 30 декабря 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы

 

Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 36-ө өкімін қараңыз

 

1-бап. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 145-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 4, 44-құжат; 1999 ж., № 10, 344-құжат; 2004 ж., № 22, 129-құжат; 2007 ж., № 12, 84-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 93-құжат; 2017 ж., № 12, 33-құжат; № 14, 47-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 21-1-бап алып тасталсын;

2) 22-баптың 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-2. Ведомстволар, департаменттер және басқармалар министрліктің құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

Министрліктің құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді министр бекітеді.

Министрлік департаменттері мен басқармаларының жиынтығы оның аппараты болып табылады.»;

3) 24-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Ведомство құрылымын тиісті орталық атқарушы органның басшысы бекітеді. Ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін құрылымына осы ведомство кіретін орталық атқарушы органның басшысы айқындайды.».

2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Президенті

 

         Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 30 желтоқсан

             № 392-VI ҚРЗ

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом