«Еларалық есептіліктің және халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысандарын және олардың толтыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 және «Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 514 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Еларалық есептіліктің және халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысандарын және олардың толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16462 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті толтыру нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын толтыру қағидалары.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын толтыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.