«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 865 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
13-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының және сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалап отыру тетігін іске асыруды үйлестіру;»;
мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшамен толықтырылсын:
«12) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу;
13) салық органының ақпараттандыру объектілерін қалыптастыру, олардың дамуын және салық төлеушілер үшін электрондық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.»;
14-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес қабылданатын шешімдерді салық органының ақпараттық жүйесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыру;
салықтық әкімшілендіру кезінде салық органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралын қолдану;