Сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 269 Қаулысы
(2026.10.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.23.12. № 127 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.12.02. № 28 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.23.12. № 127 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025.23.12. № 82 Қаулысымен (2026 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Сақтандыру қызметі туралы», «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Туристі міндетті сақтандыру туралы», «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.12.02. № 28 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы.
2) ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.23.12. № 127 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)