Введите номер документа
Прайс-лист

«Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 15-4/513 бұйрығы (2023.06.10. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 3 июня 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 16 августа 2015
Дата последнего измененияпятница, 6 октября 2023

Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 15-4/513 бұйрығы

(2023.06.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.15.09. № 330 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидалар бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Мамытбеков

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 жылғы 4 маусым

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2015 жылғы 23 маусым

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

В. Школьник

2015 жылғы 15 маусым

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 3 маусымдағы

№ 15-4/513 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом