Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 1143 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1143 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 293 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.».
2. «Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.».