Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығы
(2020.02.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 12 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.29.08. № 531 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.04.02. № 58 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23-тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.29.08. № 531 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.02.09. № 380 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес диплом бланкілерін есепке алу журналының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес транскрипттің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шақыру анықтамасының нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес растау анықтамасының нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім алушының студенттік билетінің/қазақстандық студенттік сәйкестендіру картасының (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін) нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес магистрант куәлігінің нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес докторант куәлігінің нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес тестіленушінің күнтізбелік жылғы қаңтардың 15-і мен 20-сы, наурыздың 26-сы мен 31-і, тамыздың 17-сі мен 20-сы аралығында өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру грантын беру туралы куәліктің нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштің нысаны;