Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 322 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 322 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 51-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесінде:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы).»;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
«Сіз арнаулы әлеуметтік жәрдемақыны өзге негіздер бойынша аласыз ба __________________________________________
(иә, жоқ; бар болса, қандай негіз бойынша екені көрсетіледі)» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.».
2. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 676 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 676 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)