«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы есептердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 279 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 426 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1457 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, 13-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы есептердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 21 тамыздағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8635 тіркелінген, 2013 жылғы 26 желтоқсанда № 344 (27618) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-қосымша «Нысан адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсеткені туралы есебіне арналған» осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2-қосымша «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілгені туралы адвокаттар алқасының жиынтық есебі арналған нысан» осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң көмегін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың, оны мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы | Б. Әбдірайым |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің
Ә.Смайылов
2015 ж.