Введите номер документа
Прайс-лист

««А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығы (2025.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датавторник, 29 декабря 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2016
Дата последнего измененияпонедельник, 28 апреля 2025

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы

(2025.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2021.18.01. № 495 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

ҚР Президентінің 2021.18.01. № 495 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 29-ы.

 

№ 151

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 151 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы
біліктілік талаптары

 

ҚР Президентінің 2021.18.01. № 495 Жарлығымен тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын осы арнайы біліктілік талаптары (бұдан әрі - Арнайы біліктілік талаптары) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.

ҚР Президентінің 2024.31.07. № 612 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Арнаулы біліктілік талаптары:

1) білімі бойынша талаптарды;

2) жұмыс өтілі бойынша талаптарды;

3) кәсіптік білімі, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптарды;

4) құзыреттер бойынша талаптарды қамтиды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом