Введите номер документа
Прайс-лист

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (Мәскеу қ., 2023 жылғы 25 мамырда)

Информация о документе
Датачетверг, 25 мая 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 25 апреля 2024
Дата последнего изменениячетверг, 25 мая 2023

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы

ХАТТАМА

(Мәскеу қ., 2023 жылғы 25 мамырда)

 

ҚР 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 75-VIII Заңымен ратификацияланды

2024 жылғы 25 сәуірде күшіне енді

 

Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 53-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Ұқсас (салыстырмалы) реттеуді белгілеу мақсатында мүше мемлекеттердің заңнамасында өнімге қойылатын міндетті талаптарды, сәйкестікті міндетті бағалауды жүргізу қағидалары мен рәсімдерін бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеуге қатысты жалпы қағидаттар мен тәсілдерді Жоғары кеңес айқындайды.»;

2) XI бөлімнің атауы «, шұғыл фитосанитариялық шаралар» деген сөздермен толықтырылсын;

3) мынадай мазмұндағы 591-баппен толықтырылсын:

«591-бап Шұғыл фитосанитариялық шаралар

1. Шұғыл фитосанитариялық шаралар Одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне енгізілмеген және фитосанитариялық қауіп төндіретін зиянды организмдерге қатысты тиісті зиянды организмдер көрсетілген тізбеге енгізілгенге дейінгі кезеңге не зиянды организмдерге қатысты мұндай қауіптің жоқтығын растайтын фитосанитариялық қауіпті талдау нәтижесі алынғанға дейін қолданылады.

2. Мүше мемлекет мынадай жағдайларда:

1) фитосанитариялық шараларды қолданудың тиісті және жеткілікті ғылыми негіздемесі болмағанда немесе тиісті халықаралық ұйымдардан, мүше мемлекеттерден, сондай-ақ үшінші елдерден қабылданатын фитосанитариялық шаралар туралы ресми ақпарат алған кезде мұндай негіздемені қажетті мерзімдерде ұсыну мүмкін болмағанда;

2) зиянды организмдерге қатысты осындай қауіптің болуын растайтын фитосанитариялық тәуекелді талдау нәтижесін алғанда шұғыл фитосанитариялық шараларды енгізуге құқылы.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом