Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары осы бұйрықтын 1-қосымшасына сәйкес;
2) автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны бекітілсін осы бұйрықтын 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
1-қосымша
Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің
қозғалысын есепке алу журналын жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер