Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТ...

Информация о документе
Датапятница, 10 июня 2016
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 10 июня 2016

Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 345 Қаулысы

 

Осы редакция 2024 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бітімгершілік операцияға дайындық қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. Орталық мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) бітімгершілік операцияға қатысуға ерікті түрде ниет білдірген азаматтар қатарынан ұлттық контингентті іріктеуді және оларды бітімгершілік дайындықтан өту үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне іссапарға жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы 10 маусымдағы

№ 345 қаулысымен

бекітілген

 

 

Бітімгершілік операцияға дайындық

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бітімгершілік операцияға дайындық қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және бітімгершілік операцияға дайындық тәртібін айқындайды.

 

 

2. Бітімгершілік операцияға дайындықты жоспарлау

 

2. Бітімгершілік операцияларға дайындықты жоспарлау (бұдан әрі - бітімгершілік дайындық) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысу сыртқы саясатының орындылығы туралы ұсыныстарды енгізуден басталады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом