«Бағалау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 876 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бағалау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16971 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Құн түрлері» бағалау стандарты;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымалы мүліктің құнын бағалау» бағалау стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымайтын мүліктің құнын бағалау» бағалау стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бағалау базалары мен құнның типтері» бағалау стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Зияткерлік меншік объектілерінің және материалдық емес активтердің құнын бағалау» бағалау стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң және материалдық емес активтердiң құнын бағалау» бағалау стандарты (бұдан әрі - стандарт) халықаралық бағалау стандарттарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және зияткерлiк меншiк пен материалдық емес активтердi бағалау тәсілдері мен әдiстерiне қойылатын негізгі талаптарды белгiлейдi.