Введите номер документа
Прайс-лист

«Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 10 наурыздағы № 70 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 10 марта 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 27 марта 2022
Дата последнего изменениячетверг, 10 марта 2022

 «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 10 наурыздағы № 70 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 10-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және дінтану сараптамасын жүргізу (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес дінтану сараптамасын діни қызмет саласында арнайы білімі және (немесе) жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар (мамандар), қажет болған кезде мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізеді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Сараптаманы жүргізу үшін гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша мына:

дінтану;

теология;

исламтану мамандықтарының біреуі бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар сарапшылар, сондай-ақ діни қызмет саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар тартылады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом