Осы редакция 2019 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2017.27.12. № 126-VІ ҚРЗаңымен бүкіл мәтін бойынша «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі» деген сөздер «жер қойнауын зерттеу жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);
2019.28.10. № 268-VІ ҚРЗаңымен бүкіл мәтін бойынша «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органға» және «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органға» деген сөздер тиісінше «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға» және «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
«жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті орган», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздер тиісінше «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылды;
«Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органы», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына» деген сөздер тиісінше «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға» 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара);
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға» «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», « уәкілетті органның», « уәкілетті органға» « уәкілетті органда» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара);
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жануарлар мен өсімдіктер» деген сөздер «өсімдіктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ағын су - ойпаңды жер бетінде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі;
2) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) ауызсу - сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауызсу және шаруашылық-ауызсу мұқтаждарына арналған табиғи күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі су;
3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері - су тұтынушылар үшін ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкін емес және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көздері;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау (бұдан әрі - ауызсумен жабдықтау) - ауызсуды алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы - сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін иеленушілер арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу орны, бұл схемаларда көрсетіледі;
4) басқарудың бассейндік принципі - өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің бассейндері шегінде су ресурстарын әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында бөлу кезінде іске асырылатын су қорын гидрографиялық белгілер бойынша басқару;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) бөгет - судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуiш гидротехникалық құрылыс;
4-2) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау - заңды тұлғаның бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындауға құқықтылығын уәкілетті орган ведомствосының ресми тануы;
5) гидромелиорациялық жүйе - жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені;
6) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар - ортақ үлестік меншік құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнің құрамына кіретін бір гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерімен суарылатын жеке меншік немесе уақытша өтеулі пайдалану құқығында жер учаскесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;