«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 8-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және олар қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 22 қаңтардағы
№ 8-ө екімімен бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің
тізбесі
| Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Aктінің нысаны | Орындалуы на жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |