Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 Қаулысы
(2021.13.03. берілген өзгерістермен)
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 74-бабының 1-тармағына, «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қарашадағы
№ 710 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін,
оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер
тiзбесi
1. Жер, су (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде концессия шартын iске асыру мақсатында уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын берудi қоспағанда), өсiмдiктер әлемi және жануарлар дүниесi.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.
ҚР Үкіметінің 2021.13.03. № 136 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)