ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы
(2025.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2022.05.12. № 40 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
4) арнаулы атақтар берілетін Агенттік лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтардың тізбесі («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар) бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ.ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 20 ақпан
№ 515
ҚР Президентінің 2022.10.09. № 1006 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 20 ақпандағы
№ 515 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2023.16.09. № 355 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 946 Жарлығымен (2025 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда