Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент- банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 Қаулысы
(2025.01.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы қаулының тақырыбы және 1-тармақтың қолданылуы 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тақырып және 1-тармақ 7-тармақтың редакциясында қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2022.28.02. № 19 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.10.11. № 71 Қаулысымен (2025 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің 19-бабы екінші бөлігі екінші абзацының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент- банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.