Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 Қаулысы (2023.06.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датачетверг, 2 июня 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 2 июня 2022
Дата последнего изменениявоскресенье, 18 сентября 2022

«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 Қаулысы

(2023.06.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 5-тармағына және 18-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. ҚР Үкіметінің 2023.06.01. № 10 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Регламенттің 111 және 112-тармақтарының қолданысы заңнамалық актілерді іске асыру үшін бұрын қабылданған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне Регламенттің көрсетілген тармақтары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданылады деп белгіленсін.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта:

«1. Жалпы ережелер» деген бөлім:

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Құрылған комиссиялар консультативтік-кеңесші органдар тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізіледі, оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

Тізілім Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады және консультативтік-кеңесші органдар құрылған немесе таратылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзектілендіріліп отырады.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом